Жарнама
Жарнама

Арманның ауадан алған пенальтиі

Қазақстан Футбол Федерациясы төреші Арман Исмуратовтың “Қайсар” - “Ордабасы” кездесуінде қателік жібергенін мойындады, деп жазады match.kz интернет-порталы. 

Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың 20-турында төрешілік қызмет жасаған Арман Исмуратовтың басы дауға ілікті. Бас қазы “Қайсар” - “Ордабасы” матчында алаң иелері тарапына қате пенальти берген екен. Бұл жайтты Федерацияның өзі жоққа шығармады. 

Жалпы Арман Исмуратовтың бұл төрешілік қызметтегі алғашқы қателігі емес. Бұған дейінде рефери “Ақтөбе” - “Атырау”  матчында өрескел ереже бұзған Георгий Жуковты алаңнан қумады.

Айта кетейік, 2021 жылы төреші Премьер-лиганың кезекті кездесуі барысында трибунаға шыға берісте “Атырау” ойыншысы Сәбит Тастанбековты итеріп, ҚФФ тарапынан 1 жылға дейін матчтардан шеттетілген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров