Жарнама
Жарнама

Армения құрамасында ойнайтын «Қайрат» шабуылшысы командасына бір ұпай сыйлады

09.10.2021, 16:28
Бұл Камоның Армения құрамасындағы екінші голы.
Жарнама
Жарнама

Армения құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Исландиямен тең ойнады (1:1).

Камо Оганесян («Қайрат»), Тигран Барсегян («Астана») және Соломон Удо («Атырау») Армения ұлттық құрамасының негізгі құрамына енді. 35-минутта Оганесян ұлттық құрама сапындағы екінші голын соғып, есеп ашты.

Іріктеудің жеті турынан кейін Армения 12 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров