Қазанның 8 күні Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Арменияға қарсы кездесу өткізеді. Осыған байланысты қарсыласымыз Армения құрамасы жайлы сөз қозғайық.
Арменияда өткен кездесуді еске түсірейік. Футболшыларымызға не жетіспеді? Біріншіден ортада шабуылшыларымызға дем беретін ойыншының болмағаны көрінді. Жалғыз креативті Бауыржан Исламхан капитанымыз болса да, толық лидер деп айтуға келмейді. Лидер өзін осындай үлкен ойындарда көрсету керек. Ойынымыз әупірімдеп жүріп жатқанда Сергей Малый 64-минутта Мхитарянға қарсы дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл ойынның дирижері толықтай Мхитарян болды. Оған күмән бар ма? Шабуылдың барлығын Мхитарян бастап, кейде өзі аяқтап та отырды. Көп күттірмей он ойыншымен қалған Қазақстанға Мхитарян гол соқты. Әрине, біздің деңгеймен Мхитарян жарқырап жүрген Англия мүлдем бөлек. Екінші голды мәскеулік «Спартакта» кейін «Реал Сосьедадта», қазір «Бешикташта» жарақатына байланысты ойыны жүрмей жатқан Арас Озбилиз соқты. Қорытынды есеп 2:0.
Генрих Мхитарян. Бұл ойыншы-лидер, жұлдыз, Жозе Моуринью бастаған «Манчестер Юнайтед» командасының негізгі құрамының ойыншысы. Оның статистикасына көз жүгертейік.
Ағылшын премьер-лигасының жаңа маусымында Мхитарянның статистикалық қоржынында 1 гол және 5 рет әріптестерінің гол соғуына себеп болар пас берген. Бұл алты ойында керемет нәтиже. Мхитарянның алдында тек «Манчестер Сити» футболшысы Давид Сильва голдық пас тізімін бастап отыр. Ағылшын клубын еурокубокте алға сүйреуді алдыңғы маусымда бастап кетті. УЕФА Еуропа лигасының финалында «Аякске» гол да соққан болатын. Ендігі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының екінші турында мәскеулік «ЦСКА» футболшыларына қарсы кездесуде де сұрмергендік қасиетін көрсетіп үлгерді. Соңғы төртінші голды Мхитарян соқты.
Армения футболшыларының ең басты мақтанышы, сеніп отырған футболшысы ол - Мхитарян. Егер, осы ойыншыны біздің қорғаушыларымыз толықтай жаба білсе, ойынды ойдағыдай қылуға болады. Әзірге, бұрынғы бапкеріміз Талғат Байсуфиновтың кезіндегідей өз алаңымызда ойын көрсете алмаудамыз. Франциядағы Еуропа чемпионатынан енді келген Польша және Румыния ұлттық құрамаларымен Қазақстан құрамасы екі ойын тең нәтижелі ойын көрсетіп еді. Оның орнына келген Александр Бородюкпен тым болмағанда өз алаңымызда қанағаттанарлық нәтижеге де жете алмай жатырмыз.
Біздің серіктес: FONBET