Жарнама
Жарнама

Арнольд Кнауб неге Германияға кетпеді?

03.02.2021, 21:44
«Ақтөбенің» ұсынысы Арнольдтің көңілінен шыққан көрінеді.
Жарнама
Жарнама

Жақында ғана футзалдан «Ақтөбе» сапына ауысқан Арнольд Кнауб кеше алғаш рет клуб жейдесін киіп, командамен бірге алғашқы жаттығуын өткізді. Германиялық клубқа ауысуы керек болған Кнауб «Ақтөбе» командасына қалай қосылғаны туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтып берді.

- «Ақтөбе» командасына қосылғаныма өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, шамалы қобалжу болды. Дегенмен бұл мен үшін жаңа бастама. Көп жұмыс жасап, «Ақтөбемен» жеңісті күндерге бірге жетеміз деп ойлаймын.

Жалпы осыған дейін мен германиялық «Фортуна» клубына ауысуым керек болған, дегенмен уақыттың тығыздығы мен біркелкі мәселелерге байланысты бұл трансфер сәтсіз аяқталды. Осы кезде көптеген ұсыныстар болды. Дегенмен «Ақтөбе» басшысылығың ұсынысы менің клуб сапына ауысуыма үлкен септігін тигізді. Кеше жігіттермен алғашқы жаттығуым өтті. Жалпы команда мені жақсы қарсы алды. Көбісін бұрыннан танимын. Командаға өз пайдамды тигізгім келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров