“Ливерпуль” ФК қорғаушысы Трент Александер-Арнольдты бірнеше апталар бойы бейтаныс әйел аңдып, мазасын алған екен, деп жазады Аладоп.кз.
Тыңшылық жасап жүрген әйел адамы Александер қай жерге барса сонда күтіп тұрады екен. Одан тағысы, бейтаныс азаматша футболшының жеке нөмірін тауып алып, күнде интимді қызметтер ұсынумен мазалапты. Осыдан кейін қорғаушы үйінің маңайына видеобақылау қондырғыларын орнатып, өзінің жанына оққағарлар жалдапты. Онымен қоса, ол телефондағы нөмірін ауыстырып тастапты.
“Ливерпуль” ұжымы үрейде жүрген өз футболшысына жан-жақтан қолдау білдіріп жатыр.
25 жастағы ойыншыны кім аңдып жүргені және оның бұл мақсаты неде екені әзірге белгісіз.
Біздің серіктес: FONBET