Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер Ұлттар лигасын сынға алып, футболдан Әлем және Еуропа чемпионаттарын жиі өткізу керек екенін атап өтті.
«Біз Ұлттар Лигасынан арылып, барлығы түсінетін турнирлер өткізуіміз керек. Көшеде жүрген адамдардан Ұлттар Лигасы деген не екенін сұрасаңыз, сізге мұны бірнеше адам ғана түсіндіре алады. Бізге мүмкіндігінше аз іс-шаралар жүргізу керек. Екі жылда бір рет Әлем чемпионатын және Еуропа чемпионатын өткізу - қазіргі әлем үшін қолайлы нұсқа», - деді Венгер.
Арсен Венгер "Нанси", "Монако", жапониялық "Нагоя Гампусты" жаттықтырды. 1996 жылы Франциялық маман Лондонның «Арсеналын» жаттықтыра бастады, бұл клубта 2018 жылға дейін жұмыс істеді, үш рет Премьер-лига чемпионы атанды, кубокты жеті рет жеңіп алды және Чемпиондар лигасының финалына бір рет шықты.
Біздің серіктес: FONBET