Жарнама
Жарнама

“Арсенал” 23 жастағы жартылай қорғаушы Нони Мадуэкені “Челсиден” 52 миллион еуроға сатып алды

19.07.2025, 16:30

“Арсенал” “Челси” клубынан Нони Мадуэкені сатып алу жөніндегі келісімді аяқтады. Трансфердің жалпы құны – 52 миллион еуро.

Жарнама
Жарнама

Лондондықтар бастапқыда 48,5 миллион еуро төлейді, ал қалған 3,5 миллион еуро қосымша бонус ретінде қарастырылған.

Жартылай қорғаушы бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол “Арсеналдың” бұл жаздағы төртінші трансфері атанды. Бұған дейін клубқа Кепа Аррисабалага, Мартин Субименди және Кристиан Норгор келген болатын.

Англия құрамасының сапында жеті матч өткізген Мадуэке негізінен оң қанатта ойнайды, бірақ сол жақта да ойнауға қабілетті. 

23 жастағы футболшы соңғы алты жылда “Челсиден” “Арсеналға” ауысқан жетінші ойыншы болды. Оған дейін бұл Кепа, Рахим Стерлинг, Кай Хаверц, Жоржиньо, Виллиан және Давид Луисдар екі команданың да жейдесін киген еді.

Мадуэке 2023 жылы ПСВ Эйндховеннен “Челси” сапына 29 миллион еуроға келген. Ол “Көктер” құрамында 92 ойын өткізіп, 20 гол соқты.

Футболшы өткен маусымда “Челси” клубының Конференция лигасындағы жеңісіне және АҚШ-та өткен Клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы табысына мол үлес қосты.

Мадуэкенің кетуі “Челсидің” шабуыл шебіне ірі инвестициялар жасаған кезімен тұспа-тұс келіп отыр. Клуб құрамына жуырда Лиам Делап (“Ипсвич”), Жоау Педру (“Брайтон”) және Джейми Гиттенс (“Боруссия Дортмунд”) қосылған болатын.

“Челси” бас бапкері Энцо Мареска ойыншының шешіміне былай деп пікір білдірді:

“Оны бәсекелеске сату ма? Егер ойыншы кеткісі келсе, клуб пен бапкер үшін бұл қиын. Нони өзі кетуді қалады. Ешкім оны қуған жоқ. Егер ол бақытты болса, біз де бақыттымыз.” – деді Мареска.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров