Жарнама
Жарнама

“Арсенал” Англия ұлттық құрамасының тағдырына байланысты шешім қабылдады

Англия ұлттық құрамасының қорғаушысы Бен Уайт “Арсеналмен” жаңа келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз. 

Жарнама
Жарнама

Футболшының жаңа келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. 

Осы бір жайтқа байланысты “зембірекшілердің” бапкері Микель Артета өз пікірін білдірді.

“Бұл жақсы жаңалық. Бен өзінің болашағын ылғида “Арсеналмен” байланыстырып келген. Бен - “канонирлердің” маңызды футболшыларының бірі. Оның бойында жеңімпаздың менталитеті бар”.

26 жастағы Уайт “Арсенал” сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қорғаушы АПЛ осы маусымында барлығы 27 ойын өткізіп, 2 гол мен 4 голдық пас берді. 

Өз мансабында Бен “Арсеналдан” бөлек, “Лидс", "Питерборо Юнайтед", "Ньюпорт Каунти" және “Брайтон" ұжымдарында доп тепкен.

Трансфермаркет футболшыны 55 млн еуроға бағалайды. 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: