Жарнама
Жарнама

«Арсенал» басшылығы Микель Артетаға жағдайды түзеуге мүмкіндік берді

24.08.2021, 18:30
Лондондық клуб келесі турда «Манчестер Ситимен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетеға қазан айына дейін клубтағы жағдайды түзеуге уақыт берілді, деп хабарлайды Goal басылымы.

Дереккөздің айтуынша, маманның қазан айындағы халықаралық үзіліске дейін уақыты бар. Осы уақытқа дейін "Арсенал" Премьер-лигада бес ойын өткізеді: "Манчестер Сити", "Норвич", "Бернли", "Тоттенхэм" және "Брайтон" командаларына қарсы.

"Арсенал" Англия чемпионатының жаңа маусымын екі жеңіліспен бастады. Бірінші турда команда "Брентфордтан (0:2), кейін "Челсиден" (0:2) ұтылды.

Келесі турда лондондық клуб сырт алаңда "Манчестер Ситиге" қарсы ойнайды. Матч 28 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30 -да басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров