Жарнама
Жарнама

«Арсенал» бразилиялық қорғаушыны қатарға қосты

02.09.2020, 03:18
Жаңа клуб сапында 6-шы нөмірмен ойнайтын болады.
Жарнама
Жарнама

«Арсенал» ресми сайтында «Лилльдің» бразилиялық қорғаушысы Габриэльдің ауысқанын жариялады.

Лондондық клуб футболшы үшін 26 миллион еуро төледі. Футболшы «зеңбірекшілермен» ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

«Біз Габриэллің "Арсеналға" ауысқанына қуаныштымыз. Оның команданы күшейтетін көптеген қасиеттері бар. "Лилльде" ол көптеген керемет қасиеттерге ие ойыншы екенін дәлелдеді. Біз оның «Арсеналда» да солай ойнауын күтеміз», - деді бас бапкер Микель Артета.

Габриэль «Лилльге» 2017 жылдың қаңтарында "Авай" клубынан қосылған болатын. Трансфер құны 3 миллион еуроны құрады.Өткен маусымда 22 жастағы бразилиялық Франция чемпионатының 24 матчына қатысты (негізгі құрамда 23), бір гол соқты, онымен қоса өз қақпасына бір гол соғып алды, үш сары қағаз алды

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров