Жарнама
Жарнама

«Арсенал» Доменико Берардиге көз тікті

02.03.2020, 16:05
Лондонның «Арсеналы» «Сассуоло» шабуылшысы Доменико Берардиді сатып алмақ, деп хабарлайды Calciomercato.
Жарнама
Жарнама

Аталған ақпарат көзіне сенсек, ағылшын клубы жазғы трансферде Берардиді сатып алу бойынша ұсыныс жасайды. Ал жақын күндері клуб скауттары 25 жастағы футболшының ойынын көруге аттанбақ.

Айта кетейік, 25 жастағы ойыншыны "Ювентус" 2013 жылы 4,5 миллион еуроға сатып алған-ды. Алайда 2015 жылы Доменико "Сассуолоға" қайтып оралды.

Жалпы трансферлік құны 10 миллион еуро деп бағаланып отыр. Қазіргі келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров