”Арсенал” мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Мартин Эдегорды маусым соңына дейін жалға алды, деп хабарлайды лондондық клуб ресми сайтында.
Норвегиялық 22 жасар ойыншы “Арсеналда” 11-нөмірмен өнер көрсететін болады.
“Зеңбірекшілердің” бас бапкері Микель Артета: “Мартинді маусым соңына дейін жалға алғанымызға қуаныштымыз. Мартин бәрімізге жақсы таныс ойыншы. Ол жас болғанмен, біраз уақыт бойы жоғары деңгейде ойнап жүр”, – деп ауысым жайлы ойын білдірді.
Мартин ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында тоғыз ойынға қатысып, нәтижелілігімен көзге түспеді.
Біздің серіктес: FONBET