"Арсенал" Солтүстік Лондондағы басты қарсыласы "Тоттенхэмнің" трансферін соңғы сәтте бұзып, "Кристал Пэлас" шабуылшысы Еберечи Эзені өз сапына қосты.
Daily Mail және The Athletic деректеріне сүйенсек, "Тоттенхэм” он күн бойы келіссөз жүргізіп, €55 миллион (+бонус) көлемінде ұсыныс жасаған. Алайда "Арсенал" соңғы сәтте €67,5 миллиондық тиімдірек ұсыныспен Эзені жұлып әкетті.
27 жастағы футболшы сенбі күні "Арсеналмен” төрт жылдық келісімшартқа қол қойды (қосымша бір жылға ұзарту мүмкіндігімен). Ол 10 номерлі жейдені иеленіп, "Лидсқа” қарсы 5:0 есебімен өткен ойын алдында “Эмиратесте” жанкүйерлерге таныстырылды.
The Athletic хабарлауынша, Эзе "Тоттенхэмге” келісім бергелі тұрған сәтте Микель Артетаға қоңырау шалып, "Арсеналға” барғысы келетінін білдірген.
Артета бұл жайтты растап:
"Бұл оның "Арсеналға” қаншалықты келгісі келгенін көрсетеді. Футболшылардың мансабына байланысты шешімдер қабылдауына біз ашық әрі адал болуымыз керек. Мен Эзенің бізді таңдағанына қуаныштымын. Оның өзі мен отбасы үшін бұл өте маңызды екенін сезіп тұрмын.” – деді Испандық бапкер.
Daily Mail мәліметінше, "Тоттенхэм” Эзеге жеке келісім-шарт нұсқаларын да мақұлдап қойған. Алайда "Кристал Пэлас” ойыншыны Конференция лигасының плей-оффында "Фредрикстадқа” қарсы матчқа қалдыруды талап еткен. Бұл кідіріс "Арсеналға” араласуға мүмкіндік берді. Ақыр соңында, Эзе сол ойында алаңға шыққан жоқ, ол өзін сырқат сезінгенін хабарлап, құрамадан тыс қалған еді.
Эзе "Арсеналдың" сапындағы алғашқы ойынын алдағы жексенбіде "Ливерпульге" қарсы "Энфилдте” өткізеді деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET