Реконструкция барысында канонирлер өз кездесулерін “Уэмблиде” өткізетін болады
Қайта жөндеуге жауапты компания қазірде стадион трибуналарындағы орындық санын арттыру бойынша жоба құруда. Жаңа жобаға сәйкес, “Эмирейтс” сыйымдылығы 60 700 адамнан 70 000 адамға дейін артады. Сол арқылы “Арсенал” Лондондағы ең үлкен стадионы бар клуб дәрежесін қайта өзіне қайтарып алады.
Айта кетейік, “Эмирейтс” стадионының сырт сұлбасына еш өзгеріс еңгізілмейді. Құрылыс компаниясы тек ішкі трибуналардың көлемін өзгерткені үшін 100 млн доллардан астам қаражат жұмсайды деген ақпарат бар.
Команданың стадионы толықтай жөндеуге жабылса, онда “Арсенал” клубы “Уэмблиде” матч өткізу үшін 15 млн фунт стерлинг төлейтін болады.
Еске салсақ, Микель Артета командасы 29 қаңтар күні Чемпиондар Лигасы аясында алматылық “Қайратты” өз алаңында қонақтайды. Егерде жоғары да бірнеше рет айтылған мәселе осы жылы шешім тауып, жүзеге асса, канонирлер біздің команданы Англия құрамасының стадионында қабылдауы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET