Жарнама
Жарнама

«Арсенал» Обамеянгпен келісім-шартты үзді

02.02.2022, 14:35
Футболшы жақын арада «Барселона» ойыншысы ретінде таныстырылады.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг ресми түрде «канонирлермен» келісім-шартын бұзды.

Бұған дейін Обамеянгтың «Барселонаға» ауысатыны хабарланған еді. Ойыншы медициналық тексерістен өтіп, командамен бірге жаттығу жасауда.

«Соңғы төрт жыл ішінде Лондонды мен және отбасым үшін туған үйіме айналдырғаныңыз үшін рахмет. Біз қиындықтарды бірге бастан өткердік, жанкүйерлердің қолдауы мен үшін өте маңызды болды. Трофейлерді ұтып алу мүмкіндігі мен осы клубтың капитаны болу менің жүрегімде мәңгі сақталады.

Мен әрқашан осы клуб үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым, сондықтан қоштаспай кету маған ауыр тиді, бірақ бұл футбол.

Мен соңғы бірнеше аптада командаластарыма көмектесе алмағаным үшін қынжыламын, бірақ мен бұл клубты құрметтеймін және барлық жігіттерге және жанкүйерлерге шын жүректен барлық жақсылықтарды және болашақта табысқа жетуін тілеймін!» - деп жазды Обамеянг өзінің Instagram парақшасында.

Бір айта кетерлігі, Пьер-Эмерик Обамеянг немесе Адама Траоре Еуропа лигасына қатыса алмайды. УЕФА ережесіне сәйкес, кез-келген клуб маусым ортасында еурокубок өтініміне үш жаңа ойыншыны қоса алады. Ал «Барселона» бұған дейін Ферран Торрес пен Дани Алвесті қатарға қосқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров