Жарнама
Жарнама

«Арсенал» Обамеянгты капитандық мәртебесінен айырды

14.12.2021, 23:26
Обамеянг уәдесінде тұрмай, ереже бұзған екен.
Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг капитандық мәртебесінен айырылды. Клуб габондық футболшы тәртіп бұзғаны үшін осындай шешім қабылдады.

«Өткен аптадағы соңғы тәртіпсіздіктен кейін Пьер-Эмерик Обамеянг біздің клубтың капитаны болмайды және Ағылшын Премьер-лигасында «Вест Хэм Юнайтедпен» болатын келесі матчтан шеттетілді.

Барлық ойыншыларымыз, әсіресе капитанымыз біз белгілеген және келісілген ережелерге сәйкес өнер көрсетеді деп үміттенеміз. «Арсенал» ертеңгі матчқа толықтай дайын», - деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты.

Айта кетейік, Обамеянг өткен аптада Микель Артетадан сұранып, шетелге кеткен болатын. Бірақ келісілген уақытта оралмаған. Сондықтан «Саутгемптонмен» болған соңғы ойынды (3:0) өткізіп алды.

Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында Обамеянг 14 матчқа қатысып, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров