Бүгін, 1 қаңтарда Лондондағы «Эмирейтс» стадионында «Арсенал» Англия Премьер-лигасының 21-туры аясында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Матч 2:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.
59-минутта «Арсеналдың» қорғаушысы Габриэль екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша, лондондық клуб Премьер-лигада 100 қызыл қағазға ие болған алғашқы клуб атанды. Бұл туралы Opta статистикалық порталы мәлімдеді.
«Арсеналдың» ойыншылары Микель Артетаның жетекшілігімен өткізген 78 матчта 11 мәрте алаңнан қуылған екен.
Біздің серіктес: FONBET