Жарнама
Жарнама

«Арсенал» ПСЖ футболшысына қызығушылық танытуда

09.01.2021, 01:58
Юлиан жаңа бапкер Почеттиноның көзіне түсуді ойластыратын шығар.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жерменнің" жартылай қорғаушысы Юлиан Дракслер мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

Журналист Кристиан Фальктың хабарына сенсек, 27 жастағы ойыншыға Лондонның "Арсеналы" көз тікті. "Зеңбірекшілер" оны "Боруссия Дортмундтың" жартылай қорғаушысы Юлиан Брандтты көндіре алмаған жағдайда сатып алуы мүмкін.

Оның үстіне ПСЖ Дракслерді сатуға дайын хабарланған болатын. Футболшының келісімшарты жазда аяқталады және ол француз клубынан кетуге асықпайды.

Дракслер ПСЖ-ға 2017 жылы ауысты, оған дейін "Вольфсбург" пен "Шальке-04" командаларында ойнаған. Осы маусымда неміс футболшысы Франция чемпионатында 10 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров