Жарнама
Жарнама

«Арсенал» - «ПСЖ» кездесуіне болжам

29.04.2025, 16:45

Бүгін Микель Артетаның командасы үшін маусымдағы ең маңызды ойын болады. Бүгін Микель Артетаның командасы үшін маусымдағы ең маңызды ойын болады.

"Арсенал" - "ПСЖ" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Арсенал» АПЛ-де чемпиондықты әлдеқашан жіберіп алған, бірақ ЧЛ-ны ұту мүмкіндігі сақталып тұр. Бірақ ол үшін «ПСЖ-ны» тоқтатуы тиіс. Өткен жолы «Реал» Мадридті өзінің алаңында 3:0-мен ойсыратқандай «зеңбірекшілер» бірінші бәсекеде-ақ теке-тірес тағдырын шешіп кете ала ма?

Микель Артетаның бар күшті енді басты еуротурнирге салатыны сөзсіз. Англия біріншілігінің 4-туры қалғанда лондондық ұжым екінші орынға берік орналасуда. Әзірше «Ньюкаслдан» 5 ұпайы артық. Дегенмен, күмістің де тағдыры толық шешілді деуге келмейді. Ал енді бүгінгі ойын алдында «Арсеналдың» статистикасы қалай? Соңғы 12 ойында жеңіліп көрген жоқ – алты жеңіс пен алты тең нәтиже. Сондай-ақ, лондондықтардың «ПСЖ-ға» қарсы соңғы 5 ойынның төртеуінде гол жібергенін де қоса кету керек.

Париждік клуб ЧЛ-ның плей-офф сатысында шетінен ағылшын командаларын жарыс жолынан тайдырып келеді. Алдымен 1/8 финалдық кезеңде «Ливерпульді» қапы қалдырса, ширек финалда «Астон Вилладан» айласын асырған. Енді финалға шығар жолда «Арсеналмен» шеберлік байқаспақ.

Франция чемпионатында Луис Энрике шәкірттері қарсылас шақ келтірмеді, Лига 1 бәсекесін 28-турда ұтып қойған соң, біріншілік соңын әшейін жолдастық кездесу ретінде өткізуде. Сондықтан, франциялық чемпион үшін де бүгін маусымдағы ең маңызды матчтың бірі деуге болады.

Сонымен, «Арсенал» мен «ПСЖ» арасындағы жартылай финалдық кезеңнің бірінші ойынына болжам қандай? Біз бүгінгі кездесудің жалпы тоталы 2.5-нан аз болады деп топшыладық. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұған сіздер 1.90 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров