Жарнама
Жарнама

"Арсенал" қонақта үш ұпай алды.

17.08.2015, 02:46
Жарнама
Жарнама
Арсен Венгер командасы екінші таймның басында жеңісті олжалады.  «Селхерст Парк» стадионында "зеңбірекшілер" АПЛ-дың жаңа маусымын сәтті бастаған "Кристал Пэласпен" кездескен еді. Ал, "Арсенал" болса өз алаңында "Вест Хэмға" тізе бүккеннен кейін, жанкүйерлер алдындағы айыбын жуып-шаюға міндетті еді. Жеңістің іргетасы 18-ші минутта қаланған-тұғын. Месут Өзіл айып алаңға пас асырып, асырған пасы Оливье Жирудің таба білді. 1:0! Қонақтар 27-ші минутта есепті еселеуге тиіс еді. Алайда, мүмкіндікті жіберіп алды. Алаң иелері болса қонақтардың жомарттығын кешірген жоқ. Уорд бір минуттан кейін есепті теңестіріп кетті. Екінші тайм "Кристал Пэластың" шабуылымен басталды. Дегенмен, "Арсеналды" қақпа бағаны аман сақтап қалды. Араға бір минут салып алаң иелері дегендеріне жетіп, гол салды. Бірақ, өз қақпаларына... Дэмен Дилэйни Санчестің соққысынан кейін допты өз қақпасына бағыттап алды. Ойын аяқталар тұста екі командада да мүмкіндіктер болған. Соған қарамастан есеп өзгеріссіз қалды. Кристал Пэлас – Арсенал Л1:2 (1:1) Голдар: Жиру, 18 (0:1), Уорд, 30 (1:1) Делейни, 56 (1:2), өз қақпасына.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров