Лондондық «Арсенал» «РБ Лейпцигтің» қорғаушысы Ибрагима Конатеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport Bild.
21 жастағы қорғаушы бірден бірнеше еуропалық клубтардың назарын өзіне аударды. Дереккөздің хабарлауынша, «РБ Лейпциг» француз қорғаушысымен қоштасуға дайын, бірақ неміс клубы ол үшін 50 миллион еуро аламыз деп дәмеленіп отыр. Мұндай өтемақы ойыншының келісімшартында көрсетілген екен.
Конате «РБ Лейпцигке» 2017 жылы франциялық «Сошо» клубынан ауысып келді. Ол жаңа клубы сапында 79 матч өткізіп, төрт гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Футболшының қазіргі келісімшарты 2023 жылдың соңына дейін жасалған.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» де қорғаушыға қызығушылық танытып отырғаны туралы хабарланған болатын. Сонымен бірге, "қызыл сойқандар" Конатенің командаласы Дайот Упамеканомен де келіссөздер жүргізуге дайын.
Біздің серіктес: FONBET