Жарнама
Жарнама

«Арсенал» шабуылшысына арабиялық клуб ұсыныс тастады

03.01.2022, 16:16
Обамеянг мансабын Еуропада жалғастырғысы келеді
Жарнама
Жарнама

Леонардо Жардим жаттықтыратын Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубы «Арсеналдың» 32 жастағы габондық шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгқа қызығушылық танытуда. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, «Аль-Хиляль» футболшыға 3 жылдық келісім-шарт ұсынып отыр, бірақ Обамеянг мансабын Еуропада жалғастырғысы келеді.

Еске салайық, 14 желтоқсанда шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг капитандық мәртебесінен айырылған болатын. Команданың бас бапкері Микель Артета шабуылшыдан тез арада құтылғысы келеді.

Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында Обамеянг 14 матчқа қатысып, 4 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров