Жарнама
Жарнама

«Арсенал» тарихындағы ең нашар маусымдардың бірін бастады

08.12.2020, 01:30
Микель Артета да антирекордты жаңартып үлгерді.
Жарнама
Жарнама

Англия Премьер-лигасының 11-турында "Тоттенхэм" мен "Арсенал" өзара мықтыны анықтады. Кездесу "Тоттенхэм Хотспур Стэдиумда" өтіп, алаң иелерінің пайдасына аяқталды (2:0).

Осылайша, 11 матчтан кейін Микель Артета шәкірттерінде 13 ұпай бар. Бұл клубтың Англияның жоғарғы дивизионындағы 1981/1982 жылғы маусымнан бергі ең нашар рекорды. Ол кезде "Арсеналда" 11 турдан кейін 12 ұпай болған, деп хабарлайды Goal.com.

Ал "зеңбірекшілердің" бас бапкері Микель Артета үшін бұл қызметке тағайындалғаннан кейін "Тоттенхэммен" өткен екінші кездесуі болды. Бірінші матчта да оның командасы ұтылған еді.

Opta порталының пікірінше, Артета соңғы 50 жылдағы алғашқы екі дербиде ұтылған алғашқы бапкер болып табылады. Берти Ми 1966/1967 жылғы маусымда осы антирекордтың авторы болған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров