Жарнама
Жарнама

«Арсеналдың» бойтұмарына айналған Ганнерзавр «Севильяға» ауысты

06.10.2020, 19:40
Трансферлік терезеде тек футболшылар ғана емес, клуб символына айналған жануарлар да басқа клубқа ауысуда.
Жарнама
Жарнама

"Арсенал" клубының бойтұмарына айналған Ганнерзавр Лондондық клубтағы жұмысын жалғастыра алмады. "Арсенал" басшылығы жұмысшыларды қысқарту барысында аталған жануардың костюмін киіп, жанкүйерлердің көңілін көтеретін адамды қызметінен босатты.

Бұған дейін, "Зеңбірекшілердің" бойтұмарын "Севилья" шақыруға дайын екендігі хабарланған болатын. "Армандар орындалады. Қош келдіңіз, Ганнерзавр!" - делінген испаниялық клубтың Twitter-дегі хабарламасында.

Еске салайық, Джерри Куй есімді азамат Лондондағы ганнерзавр костюмінде жұмыс істеген, ол көптеген жылдар бойы матч кезінде команда жанкүйерлерінің көңілін баураған еді.

Үш кездесуде 7 ұпай жинаған «Севилья» Испания чемпионатында алтыншы орында тұр. Төрт турдан кейін 9 ұпай жинаған «Арсенал» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров