Жарнама
Жарнама

“Арсеналдың” бұрыңғы ойыншысы небәрі 21 жасында дүниеден өтті

26.09.2025, 11:00

"Чичестер Сити" командасының шабуылшысы "Арсенал" академиясының бұрыңғы ойыншысы,  Билли Вигар Isthmian League турнирінде миына алған жарақат салдарынан 21 жасында өмірден озды. 

Жарнама
Жарнама

Клуб өз әлеуметтік желісінде:

"Билли Вигардың қайтыс болғанын хабарлауға мәжбүр болып отырғанымызға қайғырамыз.” – деп жазды.

2025 жылғы 20 қыркүйек күні "Чичестер Сити" мен "Wingate & Finchley” арасындағы ойынның 13-ші минутында Вигар допты алаңда ұстап қалу үшін сырғанаған күйде алаң шетіндегі бетон қабырғаға басымен соқтығысты. Соққы ауыр болғаны сонша, нәтижесінде ойыншы бірден есін жоғалтты. 

Медициналық команда дереу алаңға жүгіріп келіп, матчты тоқтатып, жедел жәрдем шақырды. Вигарды жансақтау бөліміне жеткізіп, дәрігерлер ми ісінуін азайту мақсатында оны жасанды комаға жатқызды.

Алайда, жағдайы күрт нашарлап, шұғыл ота жасауға тура келді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, жарақат ауыр болып, Вигар 25 қыркүйек күні таңертең қайтыс болды.

Билли Вигар Уортингтен шыққан. 14 жасында, 2017 жылдың желтоқсанында, ол "Арсенал” академиясына қабылданып, жас футболшылар арасында қабілетімен ерекшеленді.

Шабуылшы ретінде оның техникалық шеберлігі мен жылдамдығы жоғары бағаланды. 2022 жылдың шілдесінде кәсіби келісімшартқа қол қойып, Under-18 және Premier League 2 құрамаларында ойнады, бірақ Арсеналдың негізгі құрамына өту мүмкіндігі болмады.

Тәжірибе жинау мақсатында Вигар басқа клубтарда жалда ойнады. 2022/23 маусымының екінші жартысында "Derby County Under-21” құрамасында өнер көрсетіп, жылдамдығы мен гол соғу қабілетімен ерекшеленді. Кейін "Eastbourne Borough” клубында сынақтан өтіп, 2024 жылы "Hastings United” командасына еркін аген ретінде өтті.

Биыл жазда ол Isthmian League Premier Division-да өнер көрсету үшін "Чичестер Сити” командасына ауысқан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров