"Арсенал" командасының бас бапкері Микел Артета орталық қорғаушы Габриельдің Бразилия құрамасы сапында алған жарақатынан кейін бірнеше аптаға алаңнан тыс қалатынын растады, деп хабарлайды Aladop.kz.
27 жастағы футболшы халықаралық үзіліс кезінде Сенегалға қарсы матчта жарақат алды. Артета қорғаушының жоқтығы команда үшін үлкен соққы деп бағалады, яғни ол "Тоттенхэмге” қарсы өтетін Солтүстік Лондон дербиінде алаңға шықпайды.
"Тоттенхэмге” қарсы кездесу "Арсеналдың” алдағв маңызды үш ойының бірі.
“Зеңбірекшілер” бұл матчтан кейін 27 қарашада Чемпиондар лигасында Германия чемпионы "Баварияны" қабылдайды, ал 30 қарашада "Челсиге” қарсы қонақта ойнайды.
Артета ойыншының жағдайына алаңдаушылығын білдіріп, былай деді:
"Габриельдің жарақат алуы – біз үшін үлкен соққы. Ол біздің қорғаныстың жетекшісі. Олсыз ойнау оңай емес. Дегенмен, бізде жақсы ауыстыру мүмкіндіктері бар, олар дәл қазір өздерін көрсетуі тиіс."
Біздің серіктес: FONBET