Жарнама
Жарнама

Артем Беседин «Ордабасыда» өткізген 1,5 жылда 1 миллион доллар жалақы алған

15.04.2025, 20:50

Vesti.kz порталы «Ордабасыда» доп теуіп кеткен Артем Бесединнің табысы туралы ақпарат жариялады.

Артем Беседин
Жарнама
Жарнама

Украиналық ойыншы Шымкентте өткізген бір жарым жылда шамамен 1 миллион долларға жуық ақша тапқан. 

«Украиналық дерек көздердің мәліметіне сай, Артем Беседин «Ордабасыдағы» 1,5 жылдың ішінде 454 миллион теңге табыс тапқан (шамамен 860 мың доллар). Бір қызығы Бесединнің Шымкенттегі айлығы бар жоғы 4000 доллар болған, ал табысының басым бөлігі бонус ретінде қосылып отырған. 

Қазір Артем Чехияның Екінші дивизионында «Лишень» атты клубта доп тебеді - 5 ойында бірақ рет көзге түсе алды. Ол жақтағы жалақысы Қазақстандағыдан анағұрлым төмен екені анық», - делінген порталдың материалында. 

29-жастағы орталық шабуылшы былтыр шымкенттік команда жейдесінде 16 матчта доп теуіп, 3 голдың авторы атанды. Артем Беседин «Ордабасыдан» бөлек «Динамо» Киев, «Металлист» Харьков және кипрлік «Омония» намысын қорғаған. Сондай-ақ, Украина құрамасының сапында 19 ойында өнер көрсетіп, 2 гол салған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров