Жарнама
Жарнама

Артём Дзюба Ресей чемпионатында жаңа рекорд орнатты

20.11.2021, 20:24
Шабуылшы Вагнер Лавтың жетістігінен асып түсті.
Жарнама
Жарнама

«Зенит» шабуылшысы Артём Дзюба Ресей Премьер-лигасының рекордын жаңартты. Футболшы 15-турда «Нижний Новгородпен» болған ойында (5:1) үш бірдей гол соқты. Осылайша, Дзюба РПЛ-да бесінші хет-тригін жасап, рекорд орнатты.

Бұған дейін Дзюба ең көп хет-трик жасаған ойыншылар тізімінде Александр Кержаков, Вагнер Лав, Саломон Рондон, Дмитрий Кириченко және Олег Гаринмен бір сатыда тұрған болатын.

Дзюба өзінің алғашқы хет-тригін 2013 жылы «Ростов» сапында жасады. Атап айтсақ, ресейлік шабуылшы бұған дейін «Томь», «Ростов», «Уфа», «Тамбов» қақпаларына бір ойында үш голдан соққан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров