Артур Рамос: "Месси "Барселонада" ешқашан өз айтқанын орындатуға талпынған емес"

30.12.2019, 00:37

"Барселона" жартылай қорғаушысы Артур Рамос Mundo Deportivо басылымына берген сұхбатында Лионель Месси жайлы өз пікірімен бөлісті.

-"Лионель мен клубқа енді ауысқан кезден бастап көмектесіп келеді. Тіпті, ол бұл жайында өз сұхбаттарының бірінде де айтыпты. Сонымен қатар, мені барлық әріптестерім құшақ жая қарсы алды. Үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мессиге келер болсам, мен оның клубта өз дегенін орындатуға тырыспайтынын, билікті өз қолына алғысы келмейтінін сенімді айта аламын. Бір жағынан қатты таң қаламын. Ол барлық ойыншымен бірдей болғысы келеді. Расымен өте қарапайым адам",- дейді бразилиялық ойыншы.

https://www.instagram.com/p/B6fvZYSibfg/?igshid=14pyzfbx1cgq0

Шамкен БАЙЫРБЕК.