Артур Шушеначев алаңға қашан оралады?

“Хапоэль” Бэер-Шева клубының шабуылшысы Артур Шушеначев екі апталық үзілістен кейін жаттығу жұмыстарына қайта кірісті. 

Бүгін отандасымыз жасыл алаңға қайта оралып, жарақатынан кейінгі жаттығу жұмыстарын жасады. Ол өз командасының “Маккаби” Петах-Тикваға қарсы Изариль Кубогының финалында алаңға шығады деп күтілуде. 

Соңғы рет Артур 4 мамыр күні “Хапоэль” Хайфа ұжымына қарсы матч өткізді. Израиль чемпионатының осы маусымында шабуылшы 14 ойында 2 гол соқты.

Айта кетейік, Шушеначев “Хапоэль” клубымен бірге Израиль чемпионатын үшінші орында аяқтап, еурокубоктік турнирге жолдама алды. 

 

Материалда: