Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев намысын қорғайтын «Хапоэль» Беэр-Шева Израиль Кубогінің финалына шықты.
Кеше қазақстандық футболшының командасы жартылай финалда Нетания қаласының «Маккабиін» ұтты. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталған болатын. Алаң иелерінің сапында көзге түскендер – Элдер Лопеш (64-мин) пен Имран Улад Омар (78-мин). Ал қонақтар сапында гол салғандар – Этан Азулай (15-мин) мен Максим Плакущенко (89-мин) болатын. Сөйтіп кездесудің овертаймының 120+2-минутында Дейнер Киньонестің голы «Хапоэль» Беэр-Шеваны финалға шығарды.
Артур Шушеначев болса бұл бәсекені негізгі құрамда бастап, 70-минутта алаңдағы орнын босатқан еді. Енді оның клубы Израиль Кубогі жолындағы шешуші кездесуде "Хапоэль" (Ноф-ха-Галиль) - "Маккаби" (Петах-Тиква) жеңімпазымен жолығады. Айта кетейік, Шушеначев Израиль чемпионатына ауысқалы 11 матчта өнер көрсетіп, 2 гол салған.
Біздің серіктес: FONBET