Артур Шушеначев Израильден кете ме?

09.07.2024, 21:31

"Sport5" сайтының мәліметіне сенсек, "Хапоэль Беэр-Шева" командасына Артур Шушеначев керек емес.

Артур Шушеначев

Израильдік клуб Қазақстан құрамасының шабуылшысы өнер көрсететін позицияға өзге футболшы қарастыруда. "Хапоэль Беэр-Шева"  сондай-ақ, қорғаныс шебі мен жартылай қорғанысқа да жаңа футболшы іздестіріп жатыр. 

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Израиль біріншілігіне қаңтар айында ауысып барған. Жаңа  ұжымы ол үшін "Қайратқа" 500 мың еуро төлеген. Футболшы мен израильдік команда келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін. Артур Шушеначев "Хапоэль Беэр-Шева" сапында барлық турнирлерде 16 ойынға қатысып, екі рет мергендік танытқан.