Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев доп тебетін «Хапоэль» Беэр-Шева командасы Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Болгария өкілі «Черно Море» клубынан басым түсіп, келесі айналымға шықты. Сырт алаңда өткен матч 1:2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталған болатын.
Артур Шушеначевтің өзіне келер болсақ, қазақстандық футболшы кездесуге екінші таймның 85-минутында шықты. Бұл мачта Шушеначев тек сары қағазбен ғана көзге түскен болатын. Енді «Хапоэль» Беэр-Шева Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде чехияның «Млада-Болеслав» командасына қарсылас атанып отыр.
Айта кетейік, турнирдің осы кезеңінде қазақстандық екі клуб – «Астана» мен «Ордабасы» да ел намысын қорғамақ. Григорий Бабаянның командасы Румыния өкілі «Корвинулмен» шеберлік байқасса, шымкенттік ұжымның қарсыласы арменияның «Пюнигі». Алғашқы матчтар 8-тамызда, қарымта кездесулер тамыздың он бесіне жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET