Артур Шушеначев “Хапоэль” Беэр-Шева командасының жеңіске жетуіне себепкер болды

“Хапоэль” Беэр-Шева командасы Израиль Суперлигасының 27-турында “Хапоэль” Хайфа клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Израиль Суперлигасы, 27-тур 

«Хапоэль» Беэр-Шева 2:1 «Хапоэль» Хайфа 

Голдар: Алон Тургеман 22, Артур Шушеначев 77 – Гай Меламед 55

Отандасымыз Артур Шушеначев аталған ойынға екінші таймда қосылып, 77 минутта гол соғып ерекшеленді. Оның соққан голының арқасында “Хапоэль” Беэр-Шева 3 ұпайға қол жеткізді.

Артур “Хапоэль” командасы үшін барлық турнирлерде 7 ойын өткізіп, 2 голды өз атына жазды. 

 

 

Материалда: