Артур Шушеначев өнер көрсететін “Хапоэль” Израиль Кубогынде қарсыласынан есе жіберді

“Хапоэль” Беэр-Шева Тото Кубогының финалдық іріктеуінде хайфалық “Маккабиден” 3:0 есебімен жеңілді.

Өз алаңында ойын өткізген “Маккаби” қарсылас “Хапоэль” қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Хайфа ұжымы сапынан Дин Давид, Гади Кинда және Диа Саба ерекшеленді. Қонақ ұжым матч барында 13 соққы дарытқанмен, Томаш Султаниге гол соға алмады.

Қазақстандық Артур Шушеначев ойынға 73 минуттан бастап араласты. Ол Алон Турджеманды алмастырды. 

“Хапоэль” келесі ойынын Конференция Лигасының іріктеуі аясында 25 шілде күні “Черно Море” командасына қарсы өткізеді. 

Материалда: