Артур Шушеначевтің командасы өз қарсыласына қарсы ойында жеңіске жете алмады

Израильдік “Хапоэль” Беэр-Шева Конференциясы Лигасында болгариялық “Черно Моремен” тең тарқасты (0:0).

Саяси жағдайларға байланысты өз алаңындағы матчын Болгария жерінде өткізген “Хапоэль” 90 минут бойы “Черно Море” командасының қақпасынан саңылау таба алмады. Болгар ұжымыда матчта гол соға алмай кетті. Нәтижесінде кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Отандасымыз Артур Шушеначев бұл ойынға қатыспады. Бапкер оны қосалқы құрамда қалдырды.

Айта кетейік, аталған ойында қазақстандық Данияр Сахи төрелік етті. Ол кездесу барысында “Черно Моренің” 3 ойыншысына сары қағаз көрсетті. 

Материалда: