Жарнама
Жарнама

Артуро Видаль "Интермен" келісімге келді

29.12.2019, 22:39
Жарнама
Жарнама

"Интер" басшылығы "Барселона" жартылай қорғаушысы Артуро Видальмен жеке келісім-шарт жайын реттеді деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport журналисі Николо Шира.
Аталған ақпаратқа сенсек, Артуро нерадзурри жейдесінде 2 жарым жыл өнер көрсетіп, жылына 16.5 млн. еуро жалақы алады. Сонымен қатар, тағы қосымша сыйықылар да қарастырылған.

Ал жуырда ғана "Интер" 32 жастағы ойыншы үшін "Барселонаға" 12 млн. еуро ұсынған болатын. Алайда, Каталон клубы жартылай қорғаушыны кемі 20 млн. еуроға ғана сатуға дайын екенін айтқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров