Жарнама
Жарнама

Артуро Видаль мансабын Бразилияда жалғастырады

14.07.2022, 19:25
Чилилік футболшы еркін агент ретінде бразилиялық клубқа қосылды.
Жарнама
Жарнама

Чили құрамасының жартылай қорғаушысы Артуро Видаль ресми түрде «Фламенгоға» ауысты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Ол жанкүйерлерге Бразилия кубогі аясында «Атлетико Минейроға» қарсы өтетін ойын алдында «Фламенго» ойыншысы ретінде таныстырылды. Видаль жаңа командасырда 32-ші нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Өткен маусымда Артуро «Интер» сапында 40 матч өткізіп, екі гол соқты, сонымен қатар миландық клубпен бірге Италия кубогін жеңіп алды. Чили құрамасында футболшы 133 ойын өткізіп, 32 гол соққан.

Видальға аргентиналық «Бока Хуниорс» және катарлық «Аль-Райян» клубтарының да қызығушылық танытқанын айта кетейік.

Бұған дейін 35 жастағы футболшы «Байер 04», «Бавария», «Ювентус» және «Барселона» сияқты командаларда ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров