Премьер-лигада Түркістан облысының намысын қорғайтын "Арыс" клубының 2021 жылға арналған қаражат көлемі белгілі болды. Журналист және инсайдер Айдын Қожахметтің айтуынша, "Арыс" облыстық әкімдіктен екі миллиард теңге алады.
"Лицензиялаудың көптеген олқылықтарын жою үшін бұдан да көп қаражат қажет болуы мүмкін", - деп қосты дереккөз.
Өткен маусымда команда Бірінші лиганың бірінші конференциясында екінші орынға ие болды. Алайда "Арыстың" Премьер-лигаға қатысуы Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті ҚПЛ-ді 12 командадан 14 командаға кеңейту туралы шешім қабылдағаннан кейін мүмкін болды. Ал екінші жолдамаға "Ақжайық" ие болды.
Біздің серіктес: FONBET