“Арыс” командасы жаттықтырушы мен бірқатар ойыншыларының келісімшарттарын ұзартты

Оңтүстік ұжым қақпашылар жаттықтырушысы Асқар Түсіпбеков пен команда сапындағы жеті футболшының келісімшартын ұзартқанын хабарлады, деп жазады Аладоп.кз. 

Нақтырақ айтатын болсақ:

Түсіпбеков Асқар Қылышевич - (қақпашылар жаттықтырушысы)

Жарылқасын Ерік - (жартылай қорғаушы)

Аббас Асылжан - (жартылай қорғаушы)

Құралбаев Ерболат - (қорғаушы)

Тұрсынбай Думан - (шабуылшы)

Епберген Ербол - (қорғаушы)

Абдурахманов Теңізбай - (қорғаушы)

Құрманас Сержан - (қақпашы)

Еске салайық, жаңа маусымды “Арыс” ФК әдеттегідей Бірінші Лигада бастайды. Өткен маусымда оңтүстік команда ішкі біріншіліктің екінші деңгейлі турнирінде 28-тур қорытындысы бойынша 33 ұпай жинап, 8 орында тұрақтаған болатын.

 

Материалда: