Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель “Жеңіс” жейдесінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жолдастық кездесуде елордалық ұжым Косовоның “Приштина” командасымен күш сынасты.
Меркель клуб үшінгі дебютіне екінші таймда қосалқы құрамнан қосылды. Өкініштісі, матч 0:1 есебімен Косоволықтардың пайдасына шешілді.
Меркель “АС Миланда”
Александр Меркельдің есімі футболсүйер қауымға еуропалық ірі клубтардағы өнерімен жақсы таныс. Оның мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі — Италиялық “Милан” сапында өнер көрсетуі.
• Дебют: Ол 2010 жылы Чемпиондар лигасында “Аяксқа” қарсы ойында “Миланның” негізгі құрамында алғаш рет бой көрсетті.
• Жетістігі: 2010 жылы “Миланның” жастар командасымен бірге Италия Кубогын жеңіп алды.
• Тәжірибесі: Атақты “Сан-Сиро” стадионында “Тоттенхэмэ секілді алпауыттарға қарсы ойнап, Италия чемпионатының бірнеше ойынында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түскен.
Ұлттық құрама таңдауы: Германия, Ресей және Қазақстан
Меркельдің халықаралық деңгейдегі таңдауы ұзақ уақыт бойы талқыға түскен еді. Германияда өскен ол бұл елдің 15 жастан 19 жасқа дейінгі барлық жасөспірімдер құрамасында ойнады. Бір кездері Ресей намысын қорғауға ниет білдіргенімен, азаматтық мәселесіне байланысты бұл іске аспады.
2015 жылы Александр тарихи отаны — Қазақстанның атынан ойнауға шешім қабылдады. Ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Исландияға қарсы матчта тұңғыш рет Қазақстан құрамасының жейдесін киді.
“Женоа”, “Удинезе”, “Уатфорд”, “Бохум”, “Газиантеп” командаларында доп тепкен Меркелдің ендігі аялдамасы Астаналық “Жеңіс” болып отыр.
Біздің серіктес: FONBET