Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Молдоваға қарсы өткен қарымта матчқа (0:1, пенальтилер сериясы – 5:4) қатысты пікір білдірді.
- Пенальтиді орындайтын ойыншылар матч басталмас бұрын анықталды ма, әлде сол сәтте шешілді ме?
- Біріншіден, Қазақстанды, қазақстандық жанкүйерлерді жеңісімен құттықтаймын. Пенальти сериясын кімнің орындайтыны сол кезде ғана белгілі болды, өйткені бұл лотерея.
- Жанкүйерлерді сабырға шақыру қиын болды ма?
- Біздің сүйікті жанкүйерлерімізді тыныштандыру қиын болған жоқ. Біз оларға жақындап, сабырлы болуларын өтіндік, олар командаға қолдау көрсетуді жалғастырды.
- Екі ойынның нәтижесі туралы пікіріңіз қандай?
- Екі ойында да қобалжыдық. Мүмкін ойын соншалықты әдемі болмаған шығар, бірақ біз бұл кездесуде нәтиже үшін ойнадық. Ең бастысы, біз жеңдік.
Біздің серіктес: FONBET