Жарнама
Жарнама

Асхат ТАҒЫБЕРГЕН, “Қайсар” клубының ойыншысы: “ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНЫП, ЕЛ КУБОГЫН ТӨБЕМЕ КӨТЕРГІМ КЕЛЕДІ”

30.03.2012, 20:39
Жарнама
Жарнама

- Әңгіменің әлқисасын өзіңнің алғаш футболға аяқ басқан кезіңнен бастасақ.

- Мен кішкентайымнан спортқа қызығушылық таныттым. Алғашында көрші балаларға еріп, бокс, күрес спорт секцияларына қатысқанмын. Бірақ мені ала доптың сиқыры өзіне тартып тұратын. Боз кілемде жаттығу жасап жүргенімде де допты қуалаған балалар көз алдымнан кетпейтін. Содан мен таңдау жасағанда қателікке бой ал дырғанымды түсініп, футбол үйір месіне жазылдым. Он жасымда доп тебу дің қыр-сырын меңгере бастадым. Алғашқы  бапкерім Кеңес Исаев ағамыз болды. 2007 жылы “Қайсардың” қосалқы құрамына іліктім. Тілеухан Тұрмағамбетов ағамыз да өз білгенін үйретті.

- Үлкен футболға келгеннен кейінгi алғаш жасыл алаңға шыққан сәтіңмен бөліссең. Алғашқы кезде қобалжу, сасқа лақтау болған шығар. - “Қайсардың” қосалқы құрамында өнер көрсеткен екінші маусымда Владимир Никитенко астаналықтармен өткізген ойындағы менің өнеріме тәнті болыпты. Содан командаға шақырд ы. Алғашқы үлкен футболдағы ойынымды Алматының “Мегоспортымен” өткіздім. Әрине, бастапқыда қобалжу, сасқалақтау болды. Енді ала допты ұршықша иіретін тәжірибелі футболшыларға қарсы ойнауға жүрексіндік. - Соңғы жылдары өзің секілді жас таланттар қатары көбейді. Әріптестеріңнің өнеріне қандай баға бересің? Олардың ішінен кімдерді ерекше атар едің? Сенің олардан айырмашылығың қандай? - Жалпы, Сыр елінен соңғы жылдары жас футболшылар көптеп шықты. Соның бірі – Мақсат Байжанов. Жасындай жар қылдаған Мақсаттың өнеріне қол соқпайтын жанкүйер кемде-кем. Ол биыл қарағандылықтар сапын да ел чемпионы атанғанын жақсы білесіздер. Сондай-ақ қазір командалық әріптесім Алдан  Балтаевты да ерекше атар едім. Ол – өз ісінің шебері. Соңғы жылдары талантымен талайларды тәнті етіп жүрген Саят Сариев (Жетісу), Елдос Ахметов (Ертіс), Бауыржан Исламхандардың (Тараз ) болашағы зор. Бұларды отандық футболды өрге сүйрей­тіндердің алғашқы тізіміне жазып  қоюға болады. Жас та болса,  жұлдыздары жарқырап жүрген жас таланттар жетерлік. Ал менің олардан айырмашылығым көп, әрине. Өйткені әр адам – өзінше жеке тұлға. Сондықтан ұқсас тықтан гөрі айырмашылық көп болады. - Сен  Қазақстан  жастар   ұлттық құрамасында өнер көр сеттің. Ондағ ы жағдай қалай? Сол жас тарға  болашақта  сенім  артуға   бола  ма? - 21 жасқа дейінгі жастар ұлт тық құрамасында өнер көрсеттім. Бірнеше халықаралық кездесуде тәжірибемді толықтыра түстім. Келер маусымда 22 жасқа толамын. Сондықтан енді жастар ұлттық құрамасында өнер көрсете алмаймын. Ал ұлттық құрамаға ілігу үшін көп тер төгу қажет. Құдай қаласа, бұған да қол жеткізермін. Қазақта “қыздың аңқау лығынан сақта, баланың жалқаулығынан сақта” деген мақал бар ғой. Сондықтан жалқаулықты қойып, жаттығуға кірісу қажет. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін демалыс уақытында да жаттығу жасап жүрмін. Негізінде Ұлттық құрама мен клубты салыстыруға болмайды. Себебі екеуі екі түрлі нәрсе. Жоға рыда айтып кеткенімдей, мұнда әр өңірден жиналған қаймақтар өнер көрсетеді. Сондықтан олардың әрқайсысының болашағынан зор үміт күтуге болады. - Сенің жастар құрамасында өткізген ойындарыңа қарап ішіміз жылыды. Әрине, Сыр елінде тағы бір таланттың өсіп келе жатқанына қуандық. Бірақ ішкі біріншіліктегі ойындарда ала-құла ойнай сың. Мұның сыры неде? - Мен ұлттық құрамада өзімді еркін сезінемін. Содан болар, онда бар өнерімді көрсетіп жүргенім. Онда менде ешқандай сасқалақтау, қобалжу болмай ды. Себебі барлығы өзіммен деңгейлес ойыншылар. Ал ішкі бірін шілікте тәжірибенің жетіспеушілігі сыр беріп қоятындай. “Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың” керін келтіретiнім бар. Бұл олқылықтар алдағы уақытта орын алмау үшін жұмыс жасап жатырмын. - Жалпы, бас бапкердің команданың жоғары нәтижеге жетуіне қосар үлесі зор. Сенің ойыңша, Альгимантас Любинкастың үлес салмағы қандай? - Осы маусымның басында да “Қайсардың” қосалқы құрамында ойна ғанмын. Командаға жаңадан бас бапкер  болып келген Альгимантас Любинк ас мені командаға алдырды. Биылғы маусымдағы бізге жүктелген тапсырма премьер-лигадағы орынды сақтап қалу болатын. Бұл тапсырманы орындадық. Жалпы, биылғы маусым кімге болмасын, оңай тимеді. Себебі жеңімпаздар мен премьер-лигамен қош айтысатын командалар соңғы турға  дейін белгісіз болды. “Қайсардың” биылғы маусымды сегізінші орынмен аяқтауына бас бапкердің қосқа н үлесі зор. Сондықтан Альгимантас Любинкас өз міндетін мүл тік сіз атқарды деп есептеймін. - Бірақ жергілікті жанкүйерлер “бас бапкерге көмекші келгеннен кейін қайсар лықтар допты түзу тебетін болды” деген пікірде. Бұған не дейсің? - Маусым ортасында командаға Владимир Линчевский көмекші болып келді. Расында бұл маман келгелі команданың ойыны нәтижелі болды. Бірақ бұл – қос бапкердің тізе бүгіп, жұмыс жасағанының арқасы. Команда болғаннан соң жеңіс бір адамның арқасы нда  келмейді. Бұл арада “жал ғыздың  үні шықпас” деген  қағиданы да  ескерген  жөн. - Қазақстанда өзің білетін бапкер лерден кімді ерекше атап өтер едің. Жалпы,  “команданың  жеңіске жетуі бас бапкерге  байланысты” дегенге  келісе сің бе? - Әрине, командада көп нәрсе бапкер ге байланысты. Себебі алаңға шығатын он бір футболшыны сол кісі таңдайды. Тактиканы да жасайтын бас бапкер болғандықтан, көп нәрсені сол кісілер шешеді деуге болады. Бұл сөзімізге дәлел ретінде Жозе Мауреноны келтіруге болады. Ол қандай коман дамен болмасын, жеңіске жете алатындығын сан мәрте дәлелдеді. Еліміз де өзім білетін бапкерлерден Владимир Линчевский, Альгимантас Любинкас және Владимир Никитенконы ерекше атар едім. Себебі басқа мамандармен мен жұмыс жасап көргенім жоқ. - Сенің халықаралық кездесу өткіз ген тәжірибең бар. Отандық футболда төрешілердің жиі қателікке бой ал ды ратынын көріп жүрміз. Сенің ойың қалай? - Расында бұл – отандық футболдағы өзекті мәселелердің бірі. Дегенмен, соңғы жылдары төрешілерді оқыту секілді жақсы бастамалар қолға алынып жүр. Бірақ бұл бізде жоғарғы дәрежедегі төрешілер жоқ деген сөз емес. - Еліміздегі қай клубтың ойынын ерекше бағалайсың? Келешекте қай команда ның сапында өнер көрсеткің келеді? - Маған “Ақтөбе” командасының ойыны ұнайды. Ұсыныс түсіп жатса, ақтөбеліктердің сапында өнер көрсетуге қарсылығым жоқ. - Жалпы, футболдағы арманың қандай ? - “Армансыз адам қанатсыз құспен тең” дейді емес пе? Сондықтан армандамайтын адам болмайды. Кез келген футболшы жоғарғы жетістікке жетуді армандайды. Мен де ел чемпионы атанып,  ел кубогын төбеме көтергім келеді. - Сыр елінің спортқа деген көз қарасын қалай бағалайсыз? - Сыр елінің спортқа оң көзқарас танытатыны баршаға белгілі. Жекелей спорт түрлерінен ел абыройын асқақтатып жүрген саңлақтар да жетерлік. Оларға лайықты құрмет те көрсетіліп жүр. Бұл, әрине, құптарлық іс. - Ел біріншілігінде аймақтың намысын  қорғап жүрген қайсарлық тардың жалақыларын уақытылы ала алмай  қалатынын жиі естиміз. Оның үстіне, жасыратыны жоқ, “Қайсар” премьер -лига командалары арасында бюджеті ең төмен команда саналады. Бұл жергілікті биліктің футболға қырын қараған дығы  ма  сонда? - Футбол – әлемде нөмірі бірінші спорт түрі. Сондықтан “асық ойнаған азар, доп қуған тозар” деген мақалдың теріске айналып тұрған уақыты. Футболға қолдау білдірмесек, оны бүгін-ертең дамыта алмаймыз. Бізде астаналық командадан басқасының барлығы жергілікті әкімдікке тәуелді. Шет елдер дегідей футболымыздың өрге домал амауының себебі де сонда. Мұнымен жергілікті бюджетке кінә артпай мын. Өйткені оларды да түсінуге болады. Себебі бюджеттің бүкіл қаржы сын футболды дамытуға жұмсай алмайды ғой. Аймақ намысын қорғап жүрген қайсарлықтарға жергілікті билік қырын қарап отырған жоқ. Қолдан  келгенше көмектерін жасап жатыр. Дегенмен, команда жүлделі орынға таласатындай қаржылан ды рылса деген ниетіміз бар. - Кейінгі кездері қорғаушылар мен шабуылшылардың бойы ұзын, денесі нар тұлғадай болуы керек деген қағида қалыптасқан. Сіздің жартылай қор ғаушылықты таңдауыңызға бұл пікір әсер еткен жоқ па? - Жоқ, әрине. Мен жартылай қорғаушыл ықты бала кезден таңда ғанмын. Алғашқы бапкерім орталық алаңда ойқас таудың қыр-сырына қанық тырды. Орталық алаңда әмбебап ойын шымын деуге болады. Себебі оң, сол қаптал мен орта шепте де өнер көрсете  аламын. Содан соң өзімді ірі немесе  кіші денелі футболшыға жатқыз баймын. Орташа бойлы ойыншымын. - Қазақстан УЕФА туының астында өнер көрсеткеніне он жылға жуықтады. Бірақ ұлттық құрама да, клубтар да жоғарғ ы жетістіктерге қол жеткізген жоқ. Осыдан кейін Еуропаға жасаған қадамымыз дұрыс болмады деушілер көп. Бәлкім, Азияда доп тепкенімізде жағдай басқаша болар ма еді. Сен қалай ойлайсың? - Шынында бұл тұрғыда екі ұшты пікірлер айтылып жүр. Сарықұрлықта доп тепкенімізде, ФИФА рейтин гісіндегі жағдайымыз қазіргіден жоғары  болушы еді дейтіндер көп. Бірақ, меніңше, Еуропаға қадам жасауым ыз қате болған жоқ. Мұнда Ұлттық  құрама мен  клубтарымыз  үшін мүмкіндік көп. Бастысы – тәжі рибе жинау. Нәтижені алдағы уақытта көрсетеміз. Қазір ел болашағы саналатын  жастар көп өсіп келеді. Сондықтан келер күнге зор үміт артайы қ. - Тимур Санжарұлы ағамыздың бір сұхбатын да: “Біздің алаңда жаяу жүріп жалақы алатын футболшыларымызға қарағанда, менің бабым келісіп тұр”, – деп әзілдегені бар. Тимур ағамыздың осы сөзінің астарында үлкен мән жатқан секілді. Қалай ойлайсың? - Жаяу жүріп дегені, енді астарлы сөз. Бұл жалқаулыққа байланысты айтылған шығар. Бес саусақ бірдей емес қой. Сондықтан ондай ойыншылар да кездеседі. Жоғарыда айтқанымдай, жалқау лық ер адамға жат нәрсе. Мен әрбір жіберген қателігімнен сабақ алуға тырысамын. - Сол Тимур ағамыз отандық фут болдың  тізгінін ұстап отырған Мираслов Беранекке  қатысты “ұлттық құ раманы әлемдік  аренаға шығаратын бапкер   емес” деген ой айтты. Бұл пікірге келісесің бе? - Мираслов Беранек ұлттық құ рамаға бас бапкерлікке келгеннен бастап  команданың ойыны өзгерді. Сырт алаңда түріктермен терезесі тең өнер көрсетті. Тек қосымша  минуттың ұзаққа созылып, бір гол жіберіп  алғаны  болмаса. Ұлттық құраманың дәл қазір сенсация жасайтындай қауқары жоқ. Сондықтан бұл бапкерлер тәжірибені толықтыру үшін қызмет етеді деп есептеймін. - Жоғарыда өзің айтып кеткендей, алдағы  маусымда 22 жасқа толасың. Жастар ұлттық құрамасында өнер көр сетпейтінің белгілі. Ал “Қайсардың” негізгі құрамына іліге аласың ба? - Мен үшін сын сағат туып тұр. Осыған дейін “Қайсардың” сапында ережег е сәйкес жас футболшы ойнау міндеттелгеннен соң негізгі құрамға іліктім. Негізінен 21 жасқа дейінгі ойынш ыдан командада үш ойыншы болды. Келер жылы құрамада негізгі орнымды сақтау үшін осы бастан тер төгудемін. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің қаржыгер мамандығында 4-курста оқимын. Сабақтан тыс уақытымды ала доптың қыр-сырын меңгеруге арнап жатырмын. - Әңгімеңе  рахмет! Сұхбаттасқан Тәжімұрат ӘЛЖАНОВ, «Халық» газеті
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров