Қазақстан премер-лигасының кейінге қалтырылған «Атырау» мен «Шахтер» арасындағы ойын мұнайлы қалада ойналды. Қарағандылық команда Еуропа кубогінде сәтсіздікке ұшыраған соң бар күшін премер- лига ойындарына салатынға ұқсайды. Оның үстіне турнир кестесінде Қарағандылықтардан жоғары орналасқан командалар өз ойындарын күн ерте ұтып қойғанды. Басты қарсыластары «Жетісу», «Астана» және «Ақтөбені» ұзатып алмас үшін қалай да үш ұпай ұстап қайтуды көздеген қонақтар салған жерден шабуылға көшкен. Нәтиже көп күттірмеді. Ойынның 16-минутында Биылғы маусымның үздік сұрмергендерінің бірі Сергей Хижниченко есепті ашса, команда капитаны Андрей Финонченко араға 10 минут салып есепті еселеген . Одан кейінгі кезекті қазақтың қарадомалақ ұлы Көкеев сұраған. Қос допты қоржынға басқан Жамбыл «Шахтерға» ірі жеңіс әкелді. Айтпақшы, «Атырау» да гол салған. Алайда ойынның 68-минутында Сильвано Комвалиус салған жалғыз доп Мокин қақпашыны мұңайта алған жоқ.
"Футболкз.кз"
Біздің серіктес: FONBET