Отандық бапкер Асқар Қожабергенов «Ақтөбенің» Еурокубоктік нәтижесін таразылап, Конференциялар Лигасындағы қарсыласы туралы пікір білдірді.
«Ақтөбені» бір шетінен түсінуге болады. Өте мықты командаға түсіп қалды. Былайша айтсақ, кешірімді жағдай болып тұр. Қолынан келгенше қарсылық танытты. Енді Конференциялар Лигасында тағы бір мүмкіндігі бар, бірақ ол жерде де мықты қарсылас. Бірақ ол жерде де оңай соқпайды, «Легиядан» да мықты қарсылас түсіп тұр ғой - «Спарта» Прага. Сондықтан, «Ақтөбеге» өте қиын болады», - деді отандық бапкер «Аладоп.кз» сайтына.
Ақтөбелік ұжым ЕЛ-де қос ойын қортындысында варшавалық «Легиядан» ұтылып, жарыс жолын аяқтады (0:1,0:1). Енді Конференциялар Лигасында чехия өкілі «Спартаға» қарсы тұрады.
Біздің серіктес: FONBET