Танымал бапкер Асқар Қожабергенов КЛ 2-іріктеу кезеңінің қарымта матчында «Астанаға» үлкен сенім артады.
Отандық маман «Аладоп.кз» тілшісіне берген сұқбатында «Ақтөбеге» де үмітпен қарайтынын жеткізген болатын.
Бүгін «Астана» ұтады. Елордалықтар «Зимбрудан» мықты. Бірінші ойын көп ақпарат берді қазақстандық клубтың бапкерлік құрамына. Сондықтан, мен кәміл сенемін, «Астана» бүгін ұтады да ары шығады. Оның үстіне өткенде ғана «Қайрат» бүгін ойнайтын екі командамызға қандай мотивация берді?! «Астана» да, «Ақтөбе» де алматылықтардың ойынынан жігер алуы тиіс. Жалпы, бүгін өнер көрсететін қос клубымызға де зор сенім артамын», - деді А. Қожабергенов.
Айта кетейік, «Астана» бірінші бәсекеде «Зимбрумен» тең ойнаған 1:1. Жауаапты матч бүгін 22:00-де басталады. Ал «Ақтөбе» прагалық «Спартамен» болған алғашқы кездесуде 2:0 есебімен басым түскен. Командалар арасындағы жауап ойын бүгін 23:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET