Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы қарымта матч жайлы айтып, Дастан Сәтпаевтың алматылық клубтағы рөліне назар аударды.
Естеріңізде болса 17 жасар футболшы кешке командасына көмектесе алмайды. Бірінші бәсекеде сары қағаз алып қалған еді. Бүгін Алматыда матч 21:45-те басталады.
«Дәл қазір «Қайраттың» құрамындағы барлық футболшы маңызды. Өткен жолы Матаның да жетіспегенін көрдік. Дастан әрине, «Қайраттың» негізгі ойыншысы. Дегенмен, ойынында әлі де тұрақтылық жетіспейді. Ол түсінікті, ол әлі өте жас қой. Сондықтан, барлық матчты бір деңгейде өткізіп жүрген жоқ деуге болады. Бұл да түсінікті жайт - 17 жастағы бала, үлкен деңгейде бірінші жыл өткізіп жатыр дегендей. Бірақ, бәрібір бүгін Дастан өте қажет еді командаға. Десе де, оның орнын басатын футболшыларымыз бар деп сенеміз. Қанша маңызды болса да бір футболшының жоқтығы үлкен әсер етпейді деп ойлаймын», - деді А. Қожабергенов.
Командалардың бірінші кездесуі 0:0 болып біткен.
Біздің серіктес: FONBET