Жарнама
Жарнама

Асқар Қожабергенов Ислам Чесноковтың трансфері туралы: Шотландия чемпионаты трамплин болуы да мүмкін

Бүгін, 15:55

Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов "Аладоп.кз" сайтына берген сұхбатында жаңа чемпионаттарға ауысқан Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің таңдауына тоқталып, мүмкіндіктерін бағалады.

Ислам Чесноков
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық маман, қос футболшының трансферінен ұлттық құрама ұтады деген ойда.

«Хартстың» қожайыны кезінде «Брайтонды» көтерген маман. Менің білуімше, оның мақсаты - болашағы бар футболшыларды алып, дайындап, басқа клубтарға, мықты чемпионаттарға сату. Ислам үшін бұл клуб, жалпы Шотландия чемпионаты трамплин болуы да мүмкін. Біз соған сенеміз, одан ары қарай жақсы лигаға, командаға кететін барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Жалпы, Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің мықты чемпионатқа ауысқаны – біздің чемпионаттың абыройын бір көтеріп тастады. Бұл трансферлер бізде сапалы, болашағы бар футболшылардың өскенін дәлелдейді. Жігіттердің осылайша мықты лигаларға баруы, біздің ұлттық құрамаға плюс, бірақ, әрине, ол жерде әрдайым өнер көрсетіп, ойын тәжірибесінің болуы маңызды. Сонда, Қазақстан ұлттық құрамасы да күшейе түспек», - деді А. Қожабергенов.

Ғалымжан Кенжебек пен Ислам Чесноков Қазақстан құрамасының айқын көшбасшылары. Екеуі де соңғы кезде ұлттық команда сапындағы жарқын ойынымен көзге түсіп, шетелдік скауттардың назарына ілініп жүрген болатын. Ғалымжанға Грекия, Шотландиядан ұсыныстар болғаны мәлім. Алайда, жартылай қорғаушы Ресейді таңдауды жөн көрді. Ал Ислам «Хартспен» бір жылдай келіссөздер жүргізу нәтижесінде жаңа клуб жейдесін киді. Шотландиялық клубпен 2028-жылға дейін келісімшартқа отырды.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров