Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов чемпиондық таластағы нүкте қойылатын «Қайрат» - «Астана» кездесуіне қатысты ойын айтып, пікірімен бөліскен болатын.
«Ұпай саны мен матчты өз алаңында өткізетінін ескерсек басымдық «Қайрат» жағында. Алайда, тең нәтиже үшін ойнаса, сол нәтижеге жету қиын болмақ. Бұл қауіпті. «Астанада» футболшыларының тынығуы тұрғысында артышылығы бар, себебі ҚПЛ-дегі ойынынан кейін «Қайрат» көп күшін жұмсауға мәжбүр болған ЧЛ-дағы «Пафоспен» кездесу өткізді. Кипрліктердің бір футболшысы алаңнан қуылғаннан кейін алматылықтар қысым жасап, біраз күшін жұмсаған болатын. Ал ол кезде «Астана» демалды. Шамамен соңғы екі айда елордалық клуб тек чемпионатта ойнаса, «Қайрат» ҚПЛ-ден бөлек Чемпиондар Лигасының ауыр кездесулерінде бақ сынады. Бұл үлкен жүктеме, себебі алматылықтардың негізгі құрамындағы футболшылар саны көп емес. Әйтсе де, мұнда эмоционалдық жағы да бар, өйткені, таразыда чемпиондық тұр. «Қайрат» футболшыларының осы ойынға тас-түйін дайын боларына сенімдімін», - деді А. Қожабергенов «Sports.kz» порталына берген сұқбатында.
ҚПЛ-де соңғы тур алдында «Қайрат» 58 ұпаймен көш бастауда. Екінші орындағы «Астананың» қоржынында 56 ұпай. Үздік үштікті қостанайдың «Тобылы» түйіндеуде. Биылғы чемпиондықты «Қайрат» пен «Астана» өзара кездесуде сарапқа салады. Бұл матч қазір 15:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET