Жарнама
Жарнама

Асқар Қожабергенов: Қайрат Боранбаев команданы сатып кеткендерді кешірмейді...

11.11.2025, 16:47

Отандық белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Қайрат» академиясының талантты түлектері мен олардың мансабы туралы пікір айтты.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, алматылық клубтың жас жұлдызы Азамат Тұяқбаевтың мансабына қатысты ойымен бөліскен болатын.

«Қайрат Боранбаев командаға адал деген футболшыларды кейін жақсы командаға жібере алады. Оған мысал – Нұралы Әліп. Қазір «Зенитте» негізгі құрамның футболшысы, бірақ әлі де сол Ресей біріншілігімен бірге даму үстінде. Бұл жерде футболшылардың өздері бүлдіріп жүр ғой, қасарысып «кетемін болды» деп тұрып алады, оларға ата-анасы қосылып жағдайды тіпті ушықтырып жібереді. Мұнда да көп мысал келтіруге болады – Әлібек Қасым, кейін Рамазан Оразов, Акмаль Бахтияров бар. Қайрат Боранбаевтың өзімен де, командадағы бапкерлермен де дұрыс қоштаспады. Бір жағынан агенттері де қолтықтарына су бүркіген шығар. Ал мұның арты не болды? Иә, Оразов ұлттық құрамада біраз ойнады, сонда да 5-6 жылда қаншама команда ауыстырды?.. Акмаль Бахтияров сол жасөспірімдер ұлттық құрама командасында ойнап жүрді де, содан көтерілмеді. Ол да неше команда ауыстырды. Қазақстанға қайтқанда да солай, «Ордабасыда» болды, қазір «Елімайда» ма еді, қай жерде еді, бірақ негізгі құрамның ойыншысына айнала алған жоқ. Әлібек Қасым әлеуеті бойынша Нұралы Әліппен қатар ғой, ол да мықты командаға баратын еді... Сондықтан, Боранбаев команданы сатып кеткендерді кешірмейді, Әліппен де, Дастанмен де бәрін жөнімен істеп жатыр. Сол үшін Азамат Тұяқбаевпен де солай болса екен деймін. Өйткені, өте талантты ойыншы! Дәл осы жасында «Қайратта» да тәжірибе алуға болады. Келесі жылы тағы да Чемпиондар Лигасы, өзіміздің премьер-лиганың ойындарында да шыңдалып, ширап барып басқа лигаға барғаны дұрыс болар еді. Ғалымжан Кенжебектің мысалы кішкене басқаша, бірақ ол да «Қайратпен» жақсы қоштасқан жоқ. Десе де, Еуропаның жақсы командаларына барып, 1-2 жылда жақсы тәжірибе жинап, қазір ұлттық құраманың бір көшбасшысына айналды», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров